Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бұл адамдарға жолама!

Бұл адамдарға жолама!

Әбу Жағфар Мұхаммед бин Әли Бақир былай дейді:

Әкем маған: "Балам! Бес кісімен ешуақытта жолдас болма, олармен әңгімелеспе және жолда серік болма", - деді.

– Құрбаның болайын әке, ол бесеуі кім? - дедім.

Әкем: "Пасықпен жолдас болма, ол бір асқа бола немесе одан да төменіне сені сатып жібереді", - деді.

Мен: "Әке! Одан да төмені не?" - дегенімде: "Дәметіп, қолы жетпеген нәрсе", - деді.

– Әке! Екінші адам кім?
– Сараңмен жолдас болма. Өйткені, ол саған ең керек кезде мал-дүниесін бермейді.
– Әке! Үшіншісі кім?,-дедім.
– Өтірікшіні жолдас етпе, ол сағым сияқты жақынды сенен алыстатып, алысты саған жақын етіп көрсетеді,-деді.
– Әке, төртіншісі кім?,-дедім.
– Ақымақпен жолдас болма. Өйткені, ол саған пайда беремін деп зиян тигізеді,-деді.
– Әке, бесіншісі кім?,-дегенімді: Туысқанымен ара-қатынасын үзгенмен жолдас болма, өйткені ондай адамның Құранда үш орында лағынеттелгенін көрдім»,-деп өсиет еткен екен.

Түйін: Дос (араб тілінде "садық") шыншыл деген сөзден туындайды. Демек, дос әр жағдайда сізбен шыншыл қарым-қатынастағы бауырыңыз.

09 тамыз 2019 ж. 2 530 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 124

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031