Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен «Қызылорда қаламгерлерінің қауымдастығы» ҚБ және «Сыр медиа» ЖШС талантты да тағдырлы ақын Әділ Ботпановтың 50 жасқа толу құрметіне арналған облыстық жыр мүшәйрасы өтетінін хабарлайды....
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық әдебиетімізді дамытудағы айрықша еңбегі үшін жерлес жазушымыз Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл марапат – ғасырға жуық ғұмырын Арал теңізінің қилы тағдырын...
Жақында Қашақбай Пірімов атындағы ауылда «Ауылым – құт мекенім» атты шара өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, тұрғындарды «Ауыл күні» мерекесімен құттықтады....
Белгілі журналист, «Қазақстан» ұлттық арнасындағы "Парасат майданы" жобасының авторы әрі жүргізушісі Дархан Әбдік "Абай" ұлттық порталына сұхбат беріп, қоғамдағы көкейтесті мәселелерге, БАҚ-тың атқарып жүрген міндетіне және соңғы уақытта жиі көтеріліп жүрген Шыңғыс хан мәселесіне қатысты тоқталып өтті. ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы №800 қаулысымен Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрына «Академиялық» мәртебе берілді....
Бұл маңның бір кездегі тас уытар толқынын, оркестр әуеніндей әуезді шуылын тек естелік етіп ғана айтып жүрміз. Кемеден қаңқа, капитаннан киім ғана қалған қазір. Теңіздің құм ортасындағы маржандай сұлу да маңғаз кейпі музейде картина боп ілулі тұр. Сол сұлу табиғаттан тек ескі кадрлар ғана естелік айтады....
Өткен сенбіде аудандық кітапхана жанындағы «coworking» орталығында «Қазалы» газетінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Ақжайықтың ақ шағаласы» атанған ақын Ақұштап Бақтыгереевамен кездесу кеші өтті....