Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүргізушілер сахнада сыналды

Жүргізушілер сахнада сыналды

Қазалы қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мерейтой иесінің құрметіне орай «Әсем үн, маржан сөз» атты аудандық концерт жүргізушілер байқауы өтті. Кеш мәдениет үйі жанындағы халық театры дайындаған тақырыптық қойылыммен түріліп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шара барысында Қазалы қаласының әкімі Қайрақбай Орынбасаров сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан соң мерейтой иесінің өмірі мен өнер жолына шолу жасалып, байқау шарттары таныстырылды.
Байқауға барлығы 24 талапкер қатысып, сахнада түрлі мәдени шараларды жүргізу шеберліктерін көрсетті. Қатысушылардың өнерін қазылар алқасы саралады. Қазылар құрамында мерейтой иесі, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгілерінің иегері Кенже-Әлі Асқар, Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының әдістемелік бөлім меңгерушісі Айгүл Маратқызы және М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейінің мұғалімі, аудандық мәдени шаралар жүргізушісі Әкім Шыңдалы болды.
Нәтижесінде бас жүлде Қазалы қаласындағы Қ.Нұрмаханов атындағы №95 мектептің мұғалімі Бауыржан Қауынбайға бұйырды. Бірінші орынды Әйтеке би кентіндегі Қорқыт ата атындағы өнер мектебінің оқытушысы Нұрдәулет Қадырбай иеленді. Екінші орынды майдакөлдік Арапа Есен мен басықаралық Әлішер Сәду еншіледі. Ал үшінші орынды қалалық Айгүлім Мырзағұлова, кенттік Құралай Байқос және абайлық Назерке Сайын өзара бөлісті.
Сонымен қатар «Қоңыр үн» номинациясы лақалылық Бексұлу Жетеске, ал «Көрермен көзайымы» номинациясы бозкөлдік Күмісмай Нағашыбайға бұйырды. Жеңімпаздарға Кенже-Әлі Асқардың өнердегі ізбасарлары атынан қаржылай жүлделер табысталып, қалған қатысушылар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.
Сайыс барысында мерейтой иесінің сыныптас достары, өнер жолындағы інілері, сондай-ақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Бекет Табынбаев құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін жеткізді. Шара соңында Кенже-Әлі Асқар ұйымдастырушыларға, демеушілерге, талапкерлер мен көрермендерге, жанашыр достарына шынайы алғысын білдірді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
10 ақпан 2026 ж. 24 0

Өнермен өрілген апта

10 ақпан 2026 ж. 23

"Жеке қабылдау" өтеді

09 ақпан 2026 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728