Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдебиет абызына берілген әділ баға

Әдебиет абызына берілген әділ баға

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық әдебиетімізді дамытудағы айрықша еңбегі үшін жерлес жазушымыз Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл марапат – ғасырға жуық ғұмырын Арал теңізінің қилы тағдырын қаламына арқау еткен жазушыға берілген әділ баға.
Жақында ғана исі қазақ жұрты шығармаларына дәуір шындығын арқау еткен қазақ әдебиетінің абызы, теңізді өлкенің төл перзенті – Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтың 95 жастық мерейтойын ерекше ықыласпен атап өтті.
Арал ауданының шағын ғана ауылында дүниеге келіп, шығармаларымен қазақ халқын әлем жұртшылығына таныта білген қабырғалы қайраткерді Мемлекет басшысы өз атынан құттықтап, арнайы жеделхатын жолдаған болатын. Міне, қуаныш қуанышқа жалғасып, ұлттық әдебиетіміздің көзі тірі классигі – Әбдіжәміл Кәрімұлы ел игілігіне төккен терінің лайықты бағасын алып, «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды.
Аңызға айналған жазушымыздың осындай абырой биігінен көрініп жатқаны – Қазалы халқы үшін де үлкен қуаныш. Абыз ағамыздың абыройы арта берсін!
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
Шаруашылық
жұмыстарымен танысты
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков Қазалы ауданындағы бірқатар нысандарды аралады.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы алдымен Әйтеке би кентіндегі балық өңдеу цехында болып, оның жұмысымен танысты. Мұнда жеке кәсіпкер Төребек Игіліков өнім өңдеуге арналған соңғы үлгідегі технологиялық жабдықтармен жасақталған бөлмелерді таныстырды.
Мұнан соң басқарма басшысы Қызылорда облысы мен Қазалы ауданының құрметті азаматы Самұрат Имандосов басқаратын «РЗА» АҚ-ның тауарлы сүт фермасында, Мерей Есқожаевтың күріш өңдеу цехында және Ақтан батыр ауылындағы «Сыр маржаны» ЖШС-ның мал бордақылау алаңында болды.
Қ.Мүбараковтың ауданға сапары кезінде аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап пен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Аманбай бірге жүріп, ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
29 қазан 2019 ж. 1 313 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 130

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031