Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнермен өрілген апта

Өнермен өрілген апта

Шағын ғана Лақалы ауылынан бірнеше өнер майталмандарының шығуы – бұл елді мекеннің мәдени әлеуеті жоғары екенінің айғағы. Ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан осы игі дәстүр бүгінде өз жалғасын тауып, ауылда мәдени шаралар легі үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Әсіресе жас өрендердің өнерге деген қызығушылығын арттырып, қабілетін шыңдауға бағытталған бастамалардың мәні зор.
Мұндай тағылымды шаралар жас таланттардың шығармашылық ізденісін шыңдап, олардың сахналық мәдениетін қалыптастыруға, өнерге деген сүйіспеншілігін нығайтуға ықпал етуде. Ауыл балаларының бос уақытын ұтымды ұйымдастыруды басты мақсат еткен клуб ұжымы үйірмелер жұмысын жандандырып, олардың нәтижесін көпшілікке ұсынатын тың бастамаларға да жол ашуда.
Осы бағыттағы ауқымды әрі мазмұнды жобалардың бірі – «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасы аясында биыл алғаш рет өткізіліліп отырған шығармашылық апталық. Апталық клуб жанындағы ән, домбыра, қолөнер, би және драма үйірмелерінің жұмысын бір арнаға тоғыстырып, жас таланттардың өнерін саралауға мүмкіндік берді.
Жауапты маман Айнұр Әлімбаевның жетекшілігімен жүзеге асқан шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Қатысушылар қызығушылығын оятып, қабілеттерін дамытып, сахна мәдениеті мен шығармашылық еркіндігін қалыптастыру, сондай-ақ әрбір үйірме мүшесінің жеке ерекшелігі мен талантын айқындауды мақсат тұтқан бастама бес күн бойы мазмұны терең, тәрбиелік мәні жоғары байқаулармен өрбіді.
«Әсем әуен» атты ән байқауымен шымылдығын ашқан апталықтың алғашқы күні қазақ өнерінің көрнекті өкілдері композитор Кеңес Дүйсекеев пен ақын Шөмішбай Сариевтің мерейтойларына арналды. Қатысушылар ұлттық ән өнерінің көркемдігін паш етіп, көрерменге әсерлі өнер ұсынды.
«Күй күмбірі» атты домбыра байқауы қазақтың әйгілі күйші-композиторы Дина Нұрпейісованың мерейтойына байланыстырылды. Онда күй анасының өмірі мен шығармашылығы насихатталып, күй өнерінің рухани-тәрбиелік маңызы кеңінен қамтылды.
Үшінші күні үйріме қатысушылары қатысқан «Шебер қолдар» атты байқауында балалар еңбекке бейімділігі, ұлттық қолөнерге деген қызығушылығы мен шығармашылық ой-өрісін айқын көрсетті. Ал бейсенбідегі би үйірмесінің «Қимыл көркі» байқауы жас бишілердің сахна мәдениеті мен қимыл үйлесімін танытып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Апталықтың қорытынды күні өткен «Сахна шебері» көркемсөз оқу байқауы қазақ поэзиясының заңғар тұлғалары – Мұқағали Мақатаев пен Шөмішбай Сариевтің шығармашылығын насихаттады. Ақындардың терең мазмұнды жырлары жас өнерпаздардың орындауында көрерменге жол тартты.
Шараның ерекшелігі үйірме қатарындағы облыстық және республикалық байқаулардың жүлдегерлері жолы үлгі етілді. Бақ сынаушыларға тәжірибелі өнерпаздармен бірге өнер көрсету үлкен серпін беріп, сапалы дайындықтың маңызын сезіндірді.
Апталық қорытындысы бойынша әр үйірме бойынша үздік өнер көрсеткен қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды. Жүлдегерлерге ауыл әкімі Ә.Кәрібаевтың атынан Алғыс хат, сондай-ақ демеушілер тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді. Жүлделер Мейрімхан Мақсатбай, Айнұр Мейрамбайқызы тіккен арнайы жүлделер, Гүлжан Сауқымова демеуші болған Жұмахан Сауқымов, Амандық Сауқымов, Амангелді Сауқымов атындағы қаржылай қолдауға ие болды. Шығармашылық апталыққа белсене қатысқан барлық жас өнерпаздар кәсіпорын басшысысының марапаты және үйірме жетекшілері дайындаған заттай сыйлықтармен ынталандырылды.
Шығармашылық апталық Лақалы ауылдық клубындағы үйірмелер жұмысының жүйелі, нәтижелі екенін көрсетіп қана қоймай, балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырған тағылымды жоба болды. Нәтижелі бастама алдағы уақытта да жалғасып, ауыл мәдениетінің дамуы жас таланттардың қалыптасуына өз үлесін қоса бермек.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
10 ақпан 2026 ж. 22 0

Өнермен өрілген апта

10 ақпан 2026 ж. 23

"Жеке қабылдау" өтеді

09 ақпан 2026 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728