Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда жас қариларға сертификат табысталды

Қазалыда жас қариларға сертификат табысталды

Қазалы ауданында рухани мәні зор салтанатты шара өтті. «Қазалы» қарилар дайындау орталығының түлектеріне арналған сертификат табыстау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Игі жиынға медресе шәкірттері мен олардың ата-аналары, демеуші азаматтар, мешіт жамағаты, сондай-ақ Қызылордп облысының бас имамы Дастан Құрманбаев бастаған аудан мешіттерінің имамдары қатысты. Салтанатты шара Құран Кәрім аяттарымен басталып, тағылымды уағыз-насихат пен діни жыр-термелерге ұласты.
Жиында Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы және аудандық Қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жәнібек Алмасұлы сөз сөйлеп, жас қариларды үлкен жетістіктерімен құттықтады. Сонымен қатар, шәкірт тәрбиелеу ісіне тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқан демеуші азаматтарға облыс бас имамының және аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлының атынан алғыс хаттар табысталды.
Шара барысында ата-аналар да сөз алып, балаларына білім мен тәрбие берген ұстаздарға ризашылықтарын білдірді. Айта кетерлігі, демеушілер тарапынан орталықтың ұстазы Исмаил Омарұлына кіші қажылыққа жолдама тарту етілді.
Аталған қарилар дайындау орталығы 2022 жылдың күзінде өз жұмысын бастаған. Осы уақытқа дейін 6 шәкірт Құран Кәрімді толық жаттап, «жас қари» атанды. Қазіргі таңда орталықта 20-ға жуық шәкірт тәлім алуда. Олар жалпы білім беретін мектептегі сабақтарын қатар алып жүріп, Құран жаттауға ден қойған ынталы оқушылар. Медресе ұжымы шәкірттердің ата-аналарымен және мектеп мұғалімдерімен тығыз байланыс орнатқан.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
09 ақпан 2026 ж. 55 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728