Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылым – құт мекенім

Ауылым – құт мекенім

Жақында Қашақбай Пірімов атындағы ауылда «Ауылым – құт мекенім» атты шара өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, тұрғындарды «Ауыл күні» мерекесімен құттықтады.
– Аудан орталығына жақын орналасқан бұл шағын ауылдың тұрғындары қашаннан ауызбіршілігі мол, тату-тәтті тірлігімен көпке үлгі болып келеді. Мемлекет қайраткері Қашақбай Пірімов атымен аталатын ауыл – қасиетті  Қазалы жеріндегі ең көрікті мекендердің бірі.      Ауылда өткен жылы ғана жаңа саябақ салынып, пайдалануға берілді. Бүгінде біз осы жерде өздеріңізбен бас қосып  отырмыз. Әрине, мұндай салтанатты шараны ұйымдастыра білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Тек берекесі тасып, ынтымағы артқан, жастары жалындап тұрған ауылдар ғана қолға алып, абыроймен өткізе алады, – деген Мұрат Нәлхожаұлы бір ауылда өмір сүріп жатқан тұрғындардың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, ынтымақ-бірлігі мәңгі жасай берсін деген тілегін жеткізді.
Мұнан соң аудан басшысы ауылдың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан бірқатар азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады.
«Ауыл күні» аясында спорттың волейбол, кіші футбол, қой көтеру, арқан тарту, қол күрес сияқты түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды.
Түйе палуандар арасындағы бәсекені республикалық «Жас барыс» турнирінің жеңімпазы Нұрым Сәлімгерей ұтып алып, бағалы сыйлыққа ие болды.
Айта кетейік, «Ауыл күні» аясындағы шаралар екі күнге созылды. Қ.Пірімов ауылының іргесіндегі атшабар төбеде тай жарыс, құнан бәйге, тоқ бәйге және аламан бәйгемен жалғасын тапты.
Қазалы ауданы әкімінің
баспасөз қызметі
29 қазан 2019 ж. 1 609 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930