Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Арда туған азамат

Арда туған азамат

№103 орта мектепте қоғам қайраткері, еңбек ардагері Қашақбай Пірімовтің 110 жылдық мерейтойына арналған танымдық кеш өтті. Алдымен жиналғандар Қашақбай Пірімовтің ескерткішіне тағзым етіп, мектептің тарихымен танысты. «Ұлттық қолөнер –ұлы мұрат» атты көрме көрсетіліп, Қашақбай Пірімовтің тарихи-өлкетану мұражайы таныстырылды. Бұдан соң «Арда туған азамат» тақырыбындағы концерттік бағдарлама ұсынылды.
Шараға аудандық білім бөлімінен, аудан, ауыл мектептерінен ұстаздар қатысты. Қашақбай Пірімовтің көзін көрген қариялар өткен күннен сыр шертіп, естеліктерді ортаға салды. Оның ел үшін жасаған ерен еңбектері, қажырлы да қайраттылығы, талапшылдығы мектеп ұжымы сахналаған көріністен айқын көрінді. Кеш барысында ұстаздар мен оқушылар әуелете ән салып, мың бұрала би биледі.
Мектеп директоры Асылбек Нұрадинов, аудандық білім бөлімі қызметкері Надира Аманкелдіқызы және Қарашеңгел ауылдық округінің бас маманы Шоқан Қожантаев жылы лебізін білдірді.
Нұржамал ІДІРІС,
ұйымдастырушы педагог

28 қазан 2019 ж. 1 487 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 151

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 168

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031