Қазақстанда алдағы күндері -30 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады.
Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде күн суытады. "Қазгидромет" синоптиктері 10, 11 және 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде күн суытады. "Қазгидромет" синоптиктері 10, 11 және 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. 10–11 ақпанда елдің солтүстігі, солтүстік-батысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және орталығында, ал 11 ақпанда шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын жаууы мүмкін.
Қазақстан бойынша көктайғақ, боран, екпінді жел болжанады.
Батыс антициклонының ықпалы күшейіп, жауын-шашын тоқтап, күн суытады деп күтіледі:
- Солтүстік, солтүстік-батыс және орталықта түнде –22…–30°С, күндіз –15…–20°С дейін төмендейді;
- Шығыста түнде –13…–23°С, күндіз –12…–20°С;
- Оңтүстікте түнде –10…–20°С, күндіз –5°С-тан +5°С-қа дейін.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша ақпанға арналған жаңартылған болжамды да ұсынған еді. Мамандардың айтуынша, ақпан әдеттегіден жылырақ, жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады. Ел аумағының басым бөлігінде орташа температура климаттық нормадан 1–2 градусқа жоғары болады деп күтіледі









