Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Шыңғысханды дәріптесеңіздер, онда Гитлер мен Сталин де керемет!": Дархан Әбдік

"Шыңғысханды дәріптесеңіздер, онда Гитлер мен Сталин де керемет!": Дархан Әбдік

Шыңғысхан туралы жағымды образды - комплексі бар жазушылар ойлап тапқан

Зиялы қауымның  арасында Шыңғысханның ұлты туралы дау мен оның Орталық Азия өркениетіне жасаған қиянаты туралы сауалға қаламгер:
"Айтылмайды. Айтылмайтын себебі - біздің жазушыларымыздың көбі жастайынан төбелесіп өспеген. Ал, төбелесіп өспеген адам әрқашан қара күшке табынатын қорқақ болады. Қорқақ адамның барлығы билік басындағы біреудің қара күшін пір тұтады. Біреуге зорлық-зомбылық жасаған адамды керемет көреді. Мысалы, маған Шыңғысханның ұлтының кім екені бәрібір. Өйткені, Шыңғысханның зұлымдарықтарының барлығы тарихта қалды. Мысалы, оның Отырарды алған кезде бүкіл халқын қалай қырғаны, кітапханаларды өртегені, Қайырханның көмейіне қорғасын құйғаны туралы деректер бар. Шыңғысхан - домбыраның көмейіне қорғасын құйған адам. Естеріңізде бар ғой, "Ақсақ құлан" деген күйдің аңызы. Домбыраның көмейіне қорғасын құйды деген не сөз? Ол - халықтың үнін өшірді деген сөз", - деп жауап берді.
Қазақтың аңызында, фольклорында Шыңғысхан туралы бір де бір жағымды сөз жоқ екенін тілге тиек еткен Дархан Әбдік оны ойлап тауып жүрген кейінгі "сауаты шамалы, комплекстары бар жазушылар" дейді.

Шыңғысханды дәріптейтін болсақ - әл-Фарабиді жоққа шығару керек!
"Егер сіздер Шыңғысханды дәріптесеңіздер, онда әл-Фарабиды жоққа шығару керек. Өйткені әл-Фараби шыққан Отырарды құртқан - Шыңғысхан! Егер сіздер Шыңғысханды дәріптесеңіздер, онда, Гитлер де керемет. Онда Наполеон да, Сталин де керемет. Егер Сіздер адамның ұлылығын оның парасатымен, ізгілігімен емес, тек, жаулап алу құдыретімен өлшесеңіздер, онда Шыңғысханға табынасыздар. Бірақ, Шыңғысханға табынған қоғам - ешқашан ізгілікті қоғам болмайды", - деп Дархан Әбдік мырза ұлы билеушіге қатысты пікірін білдірді.
29 қазан 2019 ж. 1 282 0

Биіктей бер, бас қала!

05 шілде 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031