Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жерлесіміз Елбасы степендиясының иегері атанды

Жерлесіміз Елбасы степендиясының иегері атанды

Жерлесіміз, «Құрмет» орденінің иегері Кеңес Дүйсекеев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері атанды.
Қазалы ауданының құрметті азаматы Кеңес Дүйсекеев 1946 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Кеңес Дүйсекеев композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Алматы консерваториясын бітірген. 1974-1976 жылдары “Гүлдер” ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, 1975-1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған. Дүйсекеевтің жетекшілігімен “Тамаша”, “Халық — талант қайнары”, “Шабыт”, “Жастарға арналған музыкалық кештер”, “Музыка әлемінде”, т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды. 1984-1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. 1997 жылдан “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі. Ол – “Толғау” симфониясының, “Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының, “О, дүние” кантатасының, “Жыл мезгілдері” романстар циклінің, “Мәди”, “Аққу Жібек” мюзиклінің, “Алдар көсе” опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы. Дүйсекеев әндерін Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, М.Жүнісова, А.Мейірбеков, Н.Өнербаев, М.Дәулетбақова, т.б. әншілер орындап жүр.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
12 желтоқсан 2019 ж. 967 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 39

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930