Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сөз сардарларына құрмет

Сөз сардарларына құрмет

Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығы және жерлесіміз, ақын, сыншы, аудармашы Жарасхан Әбдірашұлының шығармашылығына арналған «Парасатты поэзия» тақырыбында аймағымызда ауқымды шара ұйымдастырылды. Өлеңмен өрілген халықаралық фестивальге Қырғызстан, Татарстан елдерінің өкілдері мен ел өңірлерінен сөз шеберлері шақырылды.

Сырдың бойы талайды таңдай қақтырған, «сүлей» деген атаумен ұлттық мәдениет төрінде берік орныққан жыршы-жыраулардың, дарабоз ақындар мен шайырлардың мекені. Қазақ әдебиетінде өзіндік орнымен қалған, қара сөзден қыл суырған осындай орамды ойлы таланттылар жолын насихаттауды мақсат тұтқан өнер кеші Арал, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласында өтті.

Фестиваль дүйсенбі күні Қазалыда жалғасын тапты.

Қазаққа танымал таланттар мен Татарстан Республикасының өкілі, ақын, жазушы Рус­тем Галиуллин, Қырғызстан Республикасынан келген ақын, аудармашы Қарбалас Бакиров, Ж.Әбдірашұлының ұлы, режиссёр, суретші, сценарист Рүстем Әбдірашты аудан әкімі Мұрат Ергешбаев әкімдік ғимаратында қабылдады.

Қоғамның шындығы, кезең келеңсіздігін қаймықпай шығармасына арқау етіп, әдебиет, мәдениет тарихы мен болашағына сүбелі үлес қосатын поэзия пырақтарының туындылары жас ұр­пақты патриоттыққа тәрбиелеуде теңдессіз құ­рал.

Көркемсөз майданында ақын мен жазушыға тән ерлік, адалдық, ұлтжандылық, намысқойлық және адамгершілік секілді қасиеттердің биігінен көрінген ақын Фариза Оңғарсынова айтарын ашық айтып, келешекке кенен рухани азық қалдырған қабырғалы қаламгер.

Жалынды жырлары, эпиграммалары, салмақты сценарилері тұтас қоғамды ерлікке, туған жер мен адамзатты сүюге жетелейтін жолға айналған сан қырлы саңлақ Әбдіраштың Жарасқаны қазақ поэ­зиясына соны серпін әкелген қайталанбас дарын иесі.

Осындай елге елеулі шығармашылық тұлға­ларына деген халықтың ыстық ықыласы ешқашан төмендемеген. Өнер мен мәдениетте үлкен із қалдырған қайраткерлердің тағылымды өнегесі арқылы қашанда ұлттың ұлы қазынасы кемелденіп, өзіндік бояуы қанығады. Көзінің тірісінде-ақ есімдері елге еленіп, халқының сүйіктілері болған қос ақынды көпшілік құрмет биігіне көтерген. Олардың жазбалары қазақты ғана емес, әлем жұртын тебіренткен. Бұл шара соның айқын айғағы.

Өрісті өнер фестивалінің өткізілуі – туған өлкеміздің рухани өміріндегі үлкен жаңалықтың бірі.


Бұл туралы аудан әкімі ерекше тебіреніспен айтып, қаламгер қауымға ыстық ықылас білдірді.

Салтанатты шарада идея авторы, Қазақстан Жазушылар және Журналис­тер одағының мүшесі Шаһизада Әбдікәрімов өздеріне қолдау білдірген жұртшылыққа шынайы ризашылығын жеткізді. Кездесуде  ақтөбелік ақын, журналист Мейірхан Ақдәулет жырдан шашу шашты. Белгілі режиссер Рүстем Әбдіраш сөз алып, көркем поэзияны құрметтеген Қазалы жұртшылығына жүрекжарды алғысын айтып, қазақ ақындарының қырғыз тіліне аударылған «Улуу талаа үнү» атты кітабы мен Ж.Әбдірашұлының «Сен ізде мені», «Дала, сенің ұлыңмын» атты жыр жинақтарын сыйға тартты.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
01 маусым 2019 ж. 898 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031