Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ақындар аламанда топтан озды

Ақындар аламанда топтан озды

А.Тоқмағамбетов атындағы Қызыл­орда қалалық мәдениет үйінде айтыс­кер ақын, жыршы, термеші Бекұзақ Тәңірбергеновтің туғанына 60 жыл толуы­на орай «Қайым айтыс Құлагері» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті.
Мазмұнды шараны Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, Астананың 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында Белкөл кентінің клубы ұйымдастырды. Алдымен, кент әкімі Тастайбек Мұсабаев сөз сөйлеп, жас ақындарға сәттілік тіледі.
Айтысқа Қызылорда қаласынан, Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан 14-25 жас аралығындағы 12 ақын қатысты. Бағалау қорытындысымен бас жүлдені қазалылық Нұрзат Қару иеленді. Бірінші орынды қазалылық Өміртай Есебаев, екінші орынды шиелілік Мейрамбек Ибрагим, үшінші орынды Бекжан Ержігіт өзара бөлісті.
Айтыскер ақын, қазылар алқасының төрағасы, Бекұзақ Тәңірбергеновтің досы, ақын Серік Ыдырысов қазалылық Бекзат Серіковке арнайы сыйлығын табыстады.
Жыр додасына Серік Ыдырысов, айтыскер ақын Мамыр Байдәулетов және Бекұзақ Тәңірбергеновтің ұлы, ақын Ұлықбек Тәңірбергенов қазылық жасады. Өз кезегінде ақынның ұлы ұйымдас­тырушыларға алғыс білдірді.
Айтысты айтыскер ақын, екі дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Нияз­ов жүргізді.
Индира АҒЛЕПЕСОВА
10 қараша 2018 ж. 2 201 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 135

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 137

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 142

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 125

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 122

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 138

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031