Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жастар жырлайды

Жастар жырлайды

Бейсенбіде Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Жастар жылына және Әйтеке бидің 375 жылдығына арналған "Жастар жырлайды" атты республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Жыр додасында республиканың танымал айтыскер ақындары ұлттық өнерді ұлықтады. Қазылар алқасына ақын Жүрсін Ерман төрағалық етті. Қазылар алқасының шешімімен Қазалы ауданының тумасы жас ақын Нұрзат Қару қатысып ынталандырумен марапатталды.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жұма күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Елбасы Н.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты тағылымы мол мақаласы және Жастар жылы аясында ұлттық өнер мен мәдениетімізді насихаттау мақсатында "Жастықтың оты жалындап" атты республикалық жас ақындар айтысы өтті. Жыр додасына республиканың әр аймағынан 10 жас айтыскер қатысқан еді. Қазылар алқасының шешімімен қазалылық жас айтыскер ақын Қару Нұрзат Талғатқызы І дәрежелі дипломмен марапатталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
18 ақпан 2019 ж. 1 661 0

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 181

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 149

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 130

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930