Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылықтар репрессия құрбандарын еске алды

Қазалылықтар репрессия құрбандарын еске алды

Әйтеке би кентіндегі «Асандар көтерілісі» ескерткішінің жанында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай шара өтті.

Шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев сөз сөйлеп, қасіретті жылдары Кеңес Одағының солақай саясатының кесірінен қазақтың бетке ұстар азаматтары жазықсыз жапа шеккенін тілге тиек етті. Тәуелсіздік жолында жаны құрбан болғандардың қатарында мемлекет және қоғам қайраткерлері Тұрар Рысқұлов, Бейімбет Майлин, Ахмет Байтұрсынов, Ілияс Жансүгіров сынды көптеген асыл азаматтарымыз бар.

– Бұл қасірет біздің өңірімізде де оңайшылықпен өткен жоқ. Қазалылықтар арасында кезінде білім бөлімін басқарған Нұржан Баубеков, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазмұхамед Күлетов сияқты 400-ге жуық жерлестеріміз қуғын-сүргін құрбаны болды, – деген аудан әкімі жазықсыз жаланың құрбаны болған азаматтарды еске алып, оларға тағзым ету – біздің қасиетті парызымыз екенін жеткізді.

Қасірет пен зобалаң шақтарда құрбан болған азаматтарға тағзым етуге арналған шарада театрландырылған көрініс көрсетіліп, нәубетті жылдары қаза тапқандар бір минут үнсіздікпен еске алынды.
31 мамыр 2019 ж. 4 079 0

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 11

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 16

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 29

Арман неге адасты?

16 қаңтар 2025 ж. 48

Болашаққа қадам

16 қаңтар 2025 ж. 44

Шыбық

16 қаңтар 2025 ж. 104

«Таза Жол»

16 қаңтар 2025 ж. 58

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 70

«Мен тыңшымын» ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 59

Есті ел тұрғындары

16 қаңтар 2025 ж. 81

Ақыл мен Жан

16 қаңтар 2025 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031