Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зұлмат жылдар жаңғырығы

Зұлмат жылдар жаңғырығы

"Нұр Отан" партиясының "Тарлан тарих тағылымы" партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапханада 31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған кітап көрмесі болып өтті.
Кітап көрмесіне "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы, аудандық орталық кітапхана ұжымы мен оқырмандар қатысты. "Азалы жылдар жаңғырығы" атты көрмені аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Мұстафаева Зоя таныстырып өтті. Көрмеге Н.Дулатбековтың "Алаш ардақтылары", М.Қозыбаевтың "Ақтаңдақтар ақиқаты", С.Өзбекұлының "Арыстары алаштың" және "Қазақ қалай аштыққа ұшырады" тағы да басқа көптеген саяси кітаптар қойылды. Аталған көрме аясында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Өмірзақұлы сөз алып, "31 мамыр – бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Өлгенге иман, өткенге салауат тілейтін күн. Қаскөй саясаттың қанқұйлы қасап-қыспағынан қапыда мерт болған қаншама қазақ баласын жоқтайтын күн. ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып саналады. Әкімшілік-жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Біздің ендігі жердегі борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау."-деді. Саяси қуғын -сүргін құрбандарын еске алуға арналған кітап көрмесі аясында оқырмандар өз пікірлерін айтып, тағлымы мол тарихымыздың көптеген қыр-сырлары жайында мәліметтер алды.
Қазақстанда 1927 жылдан бастап 1953 жылға дейін 103 мың адам қуғындалды, 25 мың адам атылды. Аштық кезінде 42 % қазақ қаза тапты, 1 млн адам елден көшіп кетті.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
31 мамыр 2018 ж. 3 145 1

Muhammad от 31 мамыр 2025 03:21
Thank you, Good stuff. casino en ligne France You actually stated this exceptionally well. casino en ligne France Superb forum posts Many thanks. casino en ligne Well expressed of course! . casino en ligne You mentioned this terrifically! casino en ligne Many thanks! Quite a lot of tips. casino en ligne francais Whoa lots of amazing material! casino en ligne fiable Nicely put. Cheers. casino en ligne Many thanks. I enjoy this. casino en ligne You reported it superbly! casino en ligne fiable

Биіктей бер, бас қала!

05 шілде 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031