Қызылордада рейд барысында 658 құқық бұзушылық тіркелді
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада демалыс күндері жүргізілген рейд барысында 658 құқық бұзушылық тіркелді.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығының нұсқауына сәйкес демалыс күндері қызметкерлер күшейтілген тәртіпте рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды.
Нәтижесінде, барлығы 658 оның ішінде жол қозғалысы саласы бойынша – 505, қоғамдық қауіпсіздік бойынша – 153 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жалпы, бір күндік рейдтік іс шара барысында 438 хабарлама тіркелді.
Жол қозғалысы – 505 хаттама толтырылып, 71 автокөлік айып алаңына қойылды. Оның ішінде: алкогольді масаң күйінде – 4, көлік құралын басқару құқығынан айырылған – 4, басқару құқығы жоқ адамдардың көлік құралын басқарған –15 құқық бұзушылықтар анықталды.
Қоғамдық қауіпсіздік – 153 хаттама толтырылды, оның ішінде алкоголь өнімін белгіленбеген уақытта сатқан 3 дүкен сатушыларына ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабымен шара қарастырылды.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүргені үшін 50 ата-анаға анаға ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабымен 2 бөлігімен шара көрілді. Сонымен қатар қала тұрғындарының тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында “КВАДРАТ” іс-шарасы барысында учаскелік полицейлер ЖД вокзал, Өсербаев,Ескі базар, Мерей және Ақмешіт,Титов және Гагарин аумақтарында профилактикалық тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындардың мекенжайларын аралау кезінде осы әкімшілік аймаққа жауапты учаскелік полиция инспекторларының аты-жөндері, қызметтік және ұялы байланыс телефондары көрсетілген визиткалар тұрғындарға таратылды.
Іс-шара барысында барлығы 153 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша – 2, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольді масаң күйде жүргені) – 4, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орында тиісу) – 6 дерегі анықталды. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.