Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір тәулікте 507 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Бір тәулікте 507 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

12-14 желтоқсан күндері аралығында «Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, жұмыс барысы күшейтілген жүйеге көшірілді.

Аталған іс-шараға барлығы 819 қызметкер және ҚР ІІМ Ұлттық Ұлан әскери бөлімінің 130 сарбазы жұмылдырылып, іс-шараның бір күнінде барлығы 507 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін өрескел жол қозғалыс ережесін бұзу фактілерінің бірі – автокөлікті мас күйінде басқарған 7 жүргізуші анықталса, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарған 84 жүргізушіге, жылдамдықты шамадан тыс асырып басқарған 50 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Тәулік ішінде 17 қылмыстың беті ашылып, тегіс ұңғылы 4 қару алынды.

Сонымен қатар, «Мүлдем төзбеушілік» қағидаты аясында спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу дерегі бойынша 79, ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 36 құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар көрілді.

Қазіргі таңда «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
14 желтоқсан 2018 ж. 1 728 0

Өмірі өшпес өнеге

04 қазан 2025 ж. 28

Бақытқа бастар соқпақ

04 қазан 2025 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031