Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті

Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті

«AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысты комиссия төрағасы Әділбек Сарабеков жүргізді.

Күн тәртібіне сәйкес екі мәселе қаралды. Бірінші кезекте «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасының 2023 жылға және 2024 жылдың I тоқсанына орындалуы және елді-мекендерді жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстары туралы. Бұл бойынша аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Мұратбай Бекмағамбет баяндады.

Отырыста қатысушылар тарапынан ауылдық округтердегі жайылымдық жерлердің табысталуы, «Дипломмен – ауылға» жобасының ауданда жүзеге асу шаралары жайында сөз болып, бірқатар сауалдар қойылды.

Мұнан соң комиссия мүшелері «AMANAT» партиясынан сайланған Шәкен ауылдық округі әкімі Берекет Сәрсенбаевтың сайлауалды бағдарламасының орындалуын тыңдады.

«Ауыл аманаты» жобасына қатысуға ниетті ауыл тұрғындарының санын арттыру, округке қарасты елді мекендердің байланыс жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстарын айтқан комиссия мүшелері, отырыс қорытындысымен қаулылар қабылдады.
30 сәуір 2024 ж. 218 0