Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 10 күнде 539 автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

10 күнде 539 автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

Қызылорда облысы көлемінде 2018 жылғы 22 қаңтар – 18 ақпан аралығында өткізіліп жатырған «АВТОБУС» жедел-профилактикалық іс-шарасының 10 күндігінде 539 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 590.9-бабымен (көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) мемлекеттік немесе міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген 36 автокөлік, жылдамдықты шамадан асырғаны үшін 33 автокөлік, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған 8 автокөлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарудың 24 дерегі, рейс алдындағы медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргізушінің басқаруына рұқсат берудің 1 дерегі тіркеліп, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес көлік құралын алкогольдік, масаң күйде басқарғаны үшін 2 жүргізуші автокөлік жүргізу құқығынан айырылды.
Атап өтерлік жайт, аталған іс-шара Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп өткізіліп, көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу, оның ішінде тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару, сондай-ақ рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығарып, белгіленген жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол берілген деректерді анықтауға бағытталып отыр.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

04 ақпан 2018 ж. 1 702 0

Жұрт ағылған жәрмеңке

19 тамыз 2025 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031