Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Айбын-2024» әскери-патриоттық сайысы өтті

«Айбын-2024» әскери-патриоттық сайысы өтті

Жалаңтөс баһадүр атындағы орталық стадионда «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының, аудандық білім бөлімі мен аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Айбын – 2024» әскери-патриоттық сайысының аудандық кезеңі өтті.

Сайысқа арнайы қатысқан аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш алғы сөзбен ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аудандағы әр мектептерден құралған 6 аймақ бойынша 90 оқушы қатысып, тартысты додада бақ сынады. Олар қашықтыққа жүгіріп, АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау сайысында дайындық деңгейлерін көрсетті.
Сонымен қатар, арқан тарту, белтемірге тартылу сынды басқа да сайыстарда жарысқа түсті.

Сайыстың жалпы командалық есебінің қорытындысы бойынша,

№25, №225, №93, №96 және №97 мектептерден құралған команда жүлделі бірінші орынды иеленсе,

екінші орынды №16, №90, №17 мектептің оқушыларынан құралған команда қанжығасына байлады.

Ал үшінші орынға №92, №103, №182 және №78 мектептерден құралған команда лайық деп танылды.

Жеңімпаздарға дипломдар, кубоктар мен медальдар, бағалы сый-сияпаттар табысталды. Мұнан бөлек жекелей сайыстар бойынша да жүлдегерлер анықталды.

Марапаттау рәсімінде партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев әскери-патриоттық сайыстың басты мақсаты жастардың бойында патриоттық рухты оятып, олардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру екенін атап өтті.

#AMANAT
30 сәуір 2024 ж. 499 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 29

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 28

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 29

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 29

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031