Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Кіндік шешеңіз кім?

Кіндік шешеңіз кім?

Қазақ халқы әрдайым кіндік шешенің бала өмірінде өзіндік орны бар деп есептеген. Оны баланың туған анасынан кейінгі орынға қойып, ерекше қадір тұтқан. Баланың кіндігін ел ішінде сыйлы, дана, қамқоршы әйелдерді таңдаған. Ал бүгінде көпшілік жағдайда шыр етіп дүние есігін ашқан сәбидің кіндігін кесу рәсімін акушер-гиенологтардың атқарып жүргені жасырын емес. Бастысы нәрестенің аман-есен өсіп-жетілуі. Дегенмен халық арасында «Баланың мінез-құлқы, іс-әрекеті кіндік шешеге тартады» деген тіркестің бары рас. Осы орайда оқырмандарымызға «Кіндік шешеңіз кім?», «Бойларыңызда ортақ қасиет немесе қабілет табылады ма?» деген сауал жолдаған едік.
– Менің кіндігімді анамның досы, сол кездері акушер-гинеколог болған Гүлбарам деген кісі кескен. Ол марқұм болып кетті. Өте сабырлы, тамаша жан болатын. Әр кез есімім аталған сайын ол кісі есіме түседі. Менің бойымда байсалдыдығы бар деп ойлаймын. Өзім 37 жасымда ана атандым. Ал қызым кіндік анасы Бақыт деген апайына айнымай қалған. Іс-әрекеттері мен мінездерінен қатты ұқсаттық табамын, – дейді Гүлбарам Жауғашарова.
Арамызда тіпті кіндік шешенің міндеті қандай? деп өзімізге қайтара сұрақ жолдағандарда болды. Осы орайда азды-көпті мәлімет жаза кетуді жөн санадық.Сәбиді дүниеге шыр етіп түскен кезде төменнен жоғары қарай көтеріп алып анасымен алғаш кездестіретін осы кіндік шеше. Көнекөз қариялардың айтуынша, кіндік шеше босанған әйелге қалжа әкелетін болған екен. Тіпті, жарыс қазан кезінде ол дабір қазан қайнатып, қонақ дастарханның жартысын өзі көтереді. Ал баланың әке-шешесі өз кезегінде оған қалаған сый-сияпатын береді. Бүгінде жастар арасында «өкіл әке, өкіл ана» ұғымы бар, оларды баланың екінші ата-анасына балайды. Өкіл әке қазаққа кеше келген жоқ. Ертеректен бар дүние. Мысалы тарих парақтарынан Абылай ханның өкіл әкенің тәрбиесінде болғандығынаңғаруға болады.
Тағы бір оқырманымыз Эльмира Шамет: «Қазақта кіндік шешенің орны бөлек болған. Баланың мінезі кіндігін кескен анасына ұқсайды деген сөз бар. Менің анамды аудандық ауруханада ұлты грек Андераде Райса Савовна босандырып алған екен. Сол кісі менің кіндік шешем болады. Ол кісі туралы аудандық гинекология бөлімінде дәрігер болған Әдия апайымыздан сұрастырған болатынмын.«Райса өте сабырлы,мінезі жұмсақ,көпшіл,білімді, арамдығы жоқ,өз ісінің білгір маманы болды.Ол кісі бұдан 30жыл бұрын Алматыға Есікке көшіп кеткен,сол жақта да жұмыс істеді. Қазір хабарым жоқ» –деді. Ал енді грек қызына менің мінезіммен сәйкес келетін, келмейтінін білмедім.
Ертеректе үйден босанғанда жақсы адамдарға ырымдап кестірген, сондай оқиғаны естігенім бар. «Бір кісі баласын айтып отыратын, әйелімнің айы-күні жақындап отырған, өзім көрші жастау келінге кестіремін, мінезі жақсы деп ойлап жүрдім, енесінің мінезі тоң, дүңк етпе бір тоңмойын жан еді. Әйелімді толғақ қысқанда көрші үйге жүгірдім, «келініне баламныңкесіп бер» деп айтып жатырсам, қырсыққанда кемпір жүгіріп барып, әкел баланы деп кіндігін кесті. Ішімнен қап деп қалдым. Ең болмаса келінге ұқсасын деп, етегіңе баланы орашы деп етегіне оратып алдым» – деп күліп,ұқсамаса тумағыр баламның мінезі тура сол кемпірдің мінезінен аумай қалды» – деген еді. Мен декіндік шешенің бала мінезіне әсері болады деп ойлаймын», – деді.
– Менің кіндігімді 1965 жылы Қамыстыбас елді мекеніндегі ер дәрігеркесіпті. Ол кісі қазір қайтыс болған. Көзі тірісінде арнайылап іздеп барып, сәлем бергенмін. Ол кезде Қызылорда қаласында тұрды. Үлкендердің айтуынша сол кісіге менің мінезім ұқсайды екен. Шынында кіндік шешеге бала тартады. Менің балаларым Жадырасын, Жазираби мен Тоғыстың кіндігін ауылдағы акушер Сара апамыз кескен. Байқап қарасам, тез ашуланатындығы, шалттығы ұқсайды. Ал Жанболатымды Аралда босандым. Алма деген акушер кіндігін кескен болатын. Баламның салмақты, сабырлылығы сол кісіге тартты, – дейді Мөлдір Аймбетова.
Ертеректе кітаптан «Кіндікті ақ балтамен кесіп, таза жіппен байлайды, түбіне күл себеді. Кіндік кескен балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қояды. Байланған кіндік үш-төрт күнде түседі. Ер баланың кіндігін ырымдап, «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырып жібереді, ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген оймен от басы, ошақ түбіне көмеді. Бала оқымысты болсын деп кіндігін кітап арасына сақтап қоятын, ат құлағында ойнасын деген тілекпен аттың жалына байлайтында ырымдар болған» деген тіркестерді оқығаным бар. Қазіргі таңда кіндікті балтамен шабатындар жоқ әрине. Десе де «кіндік кескен жер», «кіндік қаны тамған жер» деген қасеитті сөздердің мәні жоғалған жоқ.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
12 наурыз 2024 ж. 1 371 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 63

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930