Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Фракция отырысында сайлауалды бағдарламаның орындалуы қаралды

Фракция отырысында сайлауалды бағдарламаның орындалуы қаралды

Бүгін «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Отырысқа фракция жетекшісі Нұрғиса Жалғасбаев төрағалық етті.

Жиында ең алдымен партияның облыс бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде әзірленген Жол картадағы тармақтардың ауданда І тоқсанға орындалуы және орындалмау қаупі бар тармақтар жайында қаралды.

Нақтырақ айтқанда күн тәртібіндегі бұл мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Әліби Әбиевтің хабарламасы тыңдалды. Хабарламадан соң жиынға арнайы қатысқан партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш әр шараның орындалуына жеке тоқталып, орындалмай қалу қаупі бар іс-шаралардың жыл соңына дейін орындалуына бірлесе жоғары деңгейде жұмыс жасауға шақырды.

Мұнан соң фракция жетекшісі Нұрғиса Жалғасбаев тармақтардың сапалы орындалуына тұрақты бақылау болатынын айтса, басқа да фракция мүшелері тарапынан күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес бірқатар сауалдар қойылды.

Сондай-ақ отырыста №13 сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаты, фракция Күншығар Әбіловтың сайлаушылар алдындағы сайлауалды уәделерінің орындалуы туралы баяндады. Бұл мәселеге сәйкес халық қалаулылары ұсыныстарын білдірді.
30 сәуір 2024 ж. 201 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031