Сарыкөл ауылдық округінің әкімі сайланды

Рахымжан Дабылұлы 1982 жылы Қазалы ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Дизайн» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003-2005 жылдары Қызылорда қаласында ЖК «R-Дизайн» мекемесінде дизайнер болып бастаған.
2006-2007 жылдары Қызылорда қаласында ЖК «Құдиярова Ж.» мекемесінде дизайнер, 2007-2008 жылдары Қызылорда қаласында «Тұран-Әлем Банкі» АҚ Қызылорда филиалында менеджер, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі «БТА Банкі» АҚ ҚФ, «Жанкент» бөлімшесінің бастығы, кредит эксперті, 2008-2010 жылдары Ақтөбе қаласы «Корпорация Сайно» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде атқарушы директор, 2010-2018 жылдары Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде ЖК «Бердімұрат Р.» жеке кәсіпкер, 2019 жылдан бері Әйтеке би кентінде «Бердымуратов Б.» жеке кәсіпкерліктің өндіріс басшысы қызметін атқарып келді.
Отбасылы, 1 қыз, 2 ер бала тәрбиелеп отыр.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі