Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ынтымағы жарасқан туған өлкем

Ынтымағы жарасқан туған өлкем

Ү.Түктібаев ауылдық кітапхана, клуб, Б.Әбдіразақов атындағы №88 орта мектептің 9 «б» сынып оқушыларының бірігіп ұйымдастыруымен, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты тәрбиелеуге, патриоттық сезімге, Отанға, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» атты таным сағаты өткізілді.
Шара сынып оқушыларының Әнет баба мен бала Төленің арасындағы «Бірлік» туралы диалог көрінісімен бастау алды. Б.Әбдіразақов атындағы №88 орта мектептің директорының орынбасарлары Т.Әбдіраманов, Н.Қуандықов, клуб сүйемелдеушісі Б.Салжекеновтер сөз сөйлеп мерекелік лебіздерін білдірді. Аталмыш шарада әр ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерімен билері биленді, ақын Н.Баймұхамедовтың сөзіне жазылған , композитор А.Жұбановтың «Ақ көгершін» әні хормен орындалды. Ү.Түктібаев ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Ниетова: 130-дан астам түрлі этнос өкілі қазақтың қасиетті қара шаңырағының астында біртұтас ел болып, достықта, бейбітшілікте тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бақтан: «Қайда барасың?», – деп сұрағанда: «Ынтымағы жарасқан елге барамын!» – деген екен. Сол айтқандай, бірлік пен тірлік, бейбітшілік, достық салтанат құрғанда ғана бақыт пен шаттық, ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынына кәміл сенемін, мереке баршаңызға құтты болсын. – деп қорытындылады.
Г.Ниетова
30 сәуір 2024 ж. 314 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031