Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Банк шоттарындағы шығыс операцияларды тоқтата тұру

Банк шоттарындағы шығыс операцияларды тоқтата тұру

Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету үшін салық төлеушіге салық берешегін өтеу қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі.
Егер салық төлеуші хабарламаны елемеген болса және қарызды өтемеген болса, МҚҚ банк шоттары мен салық төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

Бұғаттаудың жеделдігі салық төлеушінің тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) шеңберіндегі қандай тәуекел санатына жататынына байланысты.

Сонымен, бұғаттау жүзеге асырылады:
- тәуекел деңгейі жоғары салық төлеушілер бойынша-салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылған күннен бастап 1 жұмыс күні өткен соң;
- тәуекел деңгейі орташа салық төлеушілер бойынша-салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылған күннен бастап 10 жұмыс күні өткен соң.

Берешек өтелгеннен кейін банк шоттары мен касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күші салық берешегі өтелген күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей жойылады.

Салық берешегінің болуына байланысты шоттарды бұғаттау тек жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

Г.УМИРЗАКОВ,
Қазалы ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы
29 сәуір 2024 ж. 382 0

Үш облыста жол жабылды

06 қаңтар 2026 ж. 116

Руханият шырақшысы

06 қаңтар 2026 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031