Дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға
Дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар бойынша төмендегіні хабарлайды.
Бірыңғай жиынтық төлем (бұдан әрі қарай- БЖТ) кәсіпкер ретінде тіркелмей, бейресми түрде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар үшін 01.01.2019 жылдан бастап уақытша бес жылға енгізілген болатын.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған БЖТ қолдану мерзімі аяқталды.
Осыған байланысты, БЖТ төлейтін азаматтар 2024 жылдан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті екенін ескертеді.
Кәсіпкерлікті қолдау және салық төлеушілердің салық жүктемелерін азайту мақсатында мемлекет тарапынан ұдайы кәсіпкерлік субъектілері үшін тиімді салық салу режимдері енгізілді.
Атап айтқанда:
* Патент (1%),
* оңайлатылған декларация (3%),
* бөлшек сауда салығы(2%, 8%) түрлерінің ыңғайлысын таңдауына болады.
Сонымен қатар, салық режимін «Е-salyk Business» мобильді қосымшасы (1%) арқылы да таңдауға болады. Бұл ретте, әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі және төленеді.
Бұл жағдайда, әлеуметтік төлемдердің ең төменгі айлық сомасы 17 425 теңге болады (міндетті зейнетақы жарналары- 8500 теңге, әлеуметтік аударымдар- 2975 теңге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары- 5950 теңге).
Сонымен қатар, дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған жағдайда ӘҚБтК 463 бабының 1 тармағына сәйкес 15 АЕК айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделгенін назарға алуыңызды сұрайды.
Н.ЕРЖАНОВ,
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы