Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Фото: ашық дереккөзден
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды ырысты ынтымақ пен берекелі бірліктің мейрамы – 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыздың «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деген сөзі бүгінгі күні достық, татулық ұғымдарын қастерлеудің үлгісі болып отырғаны анық.
Халқымыз үшін бұл мерекенің орны ерекше. Халықтар достығы – туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің керемет көрінісі. Ежелден қазақы қасиеттің қаймағы бұзылмаған, ұлттық дәстүрдің дәреже-дәрпі үзілмеген қасиетті Қазалы өңірінде ұлт пен ұлыстың бірлікке ұйыған берекесі бар.
Бүгінде ауданымызда орыс, корей, татар, өзбек, украин, башқұрт, грек, қырғыз, түрікмен, неміс сынды 10-нан аса этнос өкілідері қазақы болмысты бойына сіңіріп, еліміздің жаңарып, өсіп-өркендеуіне, бәсекеге қабілетті ел болуы жолында аянбай еңбек етуде.
Қадірлі ағайын!
Бірлік мерекесінде баршаңызға бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымағы арта берсін.
Құрметпен, Қазалы ауданының әкімі
Мейрамбек Шермағамбет
30 сәуір 2024 ж. 245 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30