Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлаушылармен кездесу жұмыстары жалғасуда

Сайлаушылармен кездесу жұмыстары жалғасуда

Бүгін «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш партия филиалына қарасты «Қ.Сәтбаев» бастауыш партия ұйымы орналасқан №216 орта мектебінде №9 сайлау округі бойынша бірқатар сайлаушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуде алдымен халық қалаулысы ретінде атқарған жұмыстарына тоқталып өтіп, мұнан соң партияның сайлауалды бағдарламасының ауданда іске асырылу барысын баяндады. Сайлаушыларға облыс, аудан көлемінде іске асырылып жатқан ауқымды жұмыстар бойынша да ақпарат беріп өтті.

Ал жиынға қатысушылар өз кезегінде кенттегі Райымбек батыр көшесін жарықтандыру, Ағайынды Талқанбаевтар көшесін жөндеу, №216 мектептің артынан жасанды ойын алаңын салу туралы ұсыныстарын айтып, бірқатар мәселелерді көтерді.

Сауалдар мен ұсыныстардың барлығын мұқият тыңдаған Ғазиз Әлмәмбетұлы тиісті жауаптар мен түсініктемелер беріп, оң шешілуіне тиісті деңгейде жұмыс жасайтындығын жеткізді.
30 сәуір 2024 ж. 316 0

Биіктей бер, бас қала!

05 шілде 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031