Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған өңір - тұнған өнер

Туған өңір - тұнған өнер

Туған өңір - тұнған өнер үшінші аймақ бойынша көркемөнерпаздар ұжымдарының аудандық фестивалі жақында Роза Бағланова атындағы Қазалы аудандық мәдениет орталығының жаңа ғимаратында төл мәдениетімізді дәріптеу арқылы ұлылардын ұлы ісін ұлықтау, ұлтымыздың әдет-ғұрпын, туған ел, туған жеріміздің тарихын насихаттау мақсатында биыл екінші рет ұйымдастырылған «Туған өңір – тұнған өнер» фестивалінде үшінші аймақ бойынша Ғ.Мұратбаев ауылдық мәдениет үйі, Өркендеу, Бірлік, Шәкен, Абай ауылдық клубтары өнер көрсетті.
Фестивальді Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жолтаев Болат Әбенұлы ашып берді. Сонымен қатар, ауыл ішіндегі таланттарды анықтау мен өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдарды қолдауда мұндай шаралардың аса қажет екендігін жеткізді.
Фестиваль прологпен басталып, Абай ауылының өнерпаздарының "Қазақ елі" квартетінің орындауы, Бірлік ауылының өнерпазы – Айгерім Қубекованың орындауында "Өмір өткелдері", Ғ.Мұратбаев ауылдық мәдениет Үйі жанынан құрылған Шашу тобы "Күрең күз" әнін орындаса, 91 мектептің ұстазы – Айнұр Оразалының орындауында Рүстем Жанаевтың сөзіне жазылған Кемеңгер Өтептің әні "Сағынып кеттім мен сені". Абай ауылдық клубы жанынан құрылған "Әдемі-ай" би тобының "Қазақ биі". Шәкен, Жанкент, Бірлік ауылдарынан құрылған Термешілер блогы, Шәкен ауылдық клубының өнерпазы – Сәуле Күлекбаеваның орындауында "Сырдария" әні, Ғани Мұратбаев ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған Назқоңыр әжелер ансамбілінің орындауында халық әні "Дедім-ай ау", Арнау, Күй айтыс, Өзбек биі, Күзгі әуен Қазалы вальсі өнерлерін халыққа ұсынылды.
Фестивальде салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында, әсем ән де, би де, арнау, театрландырылған көрініс те, вокалдық инструментальды ансамбльдердің әсем әуендері өнер сүйер қауымға рухани демалыс сыйлады.
Айта кетейік, фестиваль жалғасы шілде айында қорытынды концертпен аяқталады.
29 сәуір 2024 ж. 207 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031