Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Шаһмиран жыландар патшасы

Шаһмиран жыландар патшасы


Ерте заманда Ахмеддин деген патша өмір сүрген екен. Ол өте әділ және көрегенді патша болған деседі. Бірде Ахмеддин патша қартайған шағында айықпас дертке шалдығып қатты ауырады. Оның ауруының емін ешқандай емші де, балшы да таба алмайды.
Ауру жанына батқан патша:
– Егер кім де кім, менің ауруымды емдейтін болса, өзімнің патшалығымның жартысын соған сыйлаймын, – дейді.
Бұны естіген қол астындағы арамза уәзірі патшаның жарты байлығын алуы үшін небір амал іздестіріп, оны қалайда емдеп алуды ойлайды. Жер-жерді кезіп, патшаның ауруының емін іздейді. Қаншама шахарды аралаған уәзір бір тастың үстінде демалып отырғанында бейтаныс саудагерлердің әңгімесін естіп калады. Алып-сатарлар бір-бірімен өзара қауқылдасып:
– Осы шахардың сырт жағында бір жылан бар дейді жыландардың патшасы көрінеді. Атын естіген адам сол мезетте қайтыс болады-мыс және оның қаны бүкіл дертке дауа екен. Сол жылан бізде болса ғой. Мәртебелі ханды емдеп-жазып бір байыр едік, – деп айтып жатқанын естіп қалады.
Мұны құлағы шалған уәзір саудагерлердің жанына келеді. "Ол жыланды қайдан тапса болады? Айт қане?! – дейді.
Саудагерлер: "Ой, оны табу қайда? Оны табу қиынның қиыны ғой дейді. Бірақ оны осы шахардың оң жол жақ шетінде тұратын үйі ескі кедейдің баласы білетін көрінеді", – дейді.
Уәзір дереу сол баланың үйін тауып, балаға "сен осындай бір жыланды біледі екенсің, қай жерде екенін айтпасаң, ата-анаңның басын шауып аламын" деп қыспаққа алады. Мұндай оқыс жағдайдан қорқып кеткен бала айтқысы келмесе де, айтуға мәжбүр болады. Кедейдің баласы Шаһмиранмен кездескен кезін еске алады. Бала ауылдас достарымен ойнап жүріп, шахардың сыртынан алыс кеткенін байқамай қалады. Тұрағынан ұзақтаған ол жол бағдардан адасып, сол Шаһмиран мекендеген үңгірінің алдында ұйықтап қалады. Оны көрген Шаһмиран баланы өлтірмекші болады. Алайда бала сол мезетте оянып кетеді де: "Мені өлтірмеші" деп жылап-еңіреген күйі жалынып-жалбарынады. Бұл көріністен соң аб жылан баланы аяп өлтірмейді. Қайта оған: "Мені көргеніңді ешкімге айтпа!" деп аманат қылып тапсырады. Бала ант-су ішкен уәдесін береді. Онымен алдағы уақытта да кездесіп, үңгірге келгісі келетінін және дос болуына өтініш айтады. Шаһмиран қуанғанынан өзінің шын атын айтады. Сонымен бірге оны осы есімімен шақырса, үңгірден лезде шығатынын жеткізеді. Осылайша бала Шаһмиранмен жиі кездесіп, қызықты уақыт өткізіп жүреді. Ал уәзірдің "ата-анаңды өлтірем!" дегенінен кейін басқа амалы болмаған бала уәзірді Шаһмиранның мекеніне апаруға уәделеседі. Арамза уәзір тапқырлығына қатты қуанғаны соншалық патшаға келіп, оны емдейтінін айтады. Патшаны өзімен бірге жорыққа алып шығады.
Тағдыр тауқыметінен құтыла алмаған кедей бала үнжырғасы түскен күйде жол бастайды. Патша мен уәзірін және нөкерлерін сұр жыланның жеріне ертіп апарады. Екі нөкер үңгірдің ауызында жалаңдаған өткір қылышын қынаптан суырып алып, жыланды өлтіруге әзір тұрады.
Бала: "Шаһмиран, мен келдім" деп дыбыстайды. Шаһмиран бала келді екен деп қуанып, үңгірден атып шыққанда екі нөкер жыланды үш бөлікке бөліп түсіреді. Жыланның 3 бөлігінде үш түрлі қасиет бар-тын: "Бірінші бөлігінде у болады. Екіншісінде ауруға ем бар. Соңғысында ақыл мен білім жатады.
Осылардан хабары жоқ арамза уәзір әуелі бірінші бөлігін шыдай алмай қанын өзі ішкенде бойына у тарап, сол жерде мерт болады. Екіншінің қанын патша ішіп, бүкіл ауруынан жазылады. Ал соңғысының қанын кедей бала ішіп, данагөй атанады. Сөйтіп патша балаға алғысын айтып өз уәдесінде тұрады.
Шаһмиранның үңгірге оралмағанын білген басқа жыландар болса, оны іздеуге шығады. Үңгірдің аузында өздерінің патшаларының өлі денесін көргенде жыландар кім өлтірді екен деген тұжырыммен әлі күнге дейін іздейді-мыс. Бірақ жыландар патшаларының адам қолынан мерт болғанын білмеген екен.
06 қаңтар 2024 ж. 845 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031