Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқықтық сауаттылық арттырылды

Құқықтық сауаттылық арттырылды

Өткен аптада аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ринад Тілептің төрағалығымен құқықтық оқу өтті. Сабақ барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы және оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидалары түсіндірілді.
Басқосуда Ринад Ібайдуллаұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша жұмыстарды күшейту мен қызметкерлер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, әдептілік нормалары мен заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу секілді қызметтік әдеп стандарттарын қатаң сақтауды тапсырды. Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен өткізілген жиынға мәдениет және спорт бөлімінің қызметкерлері қатысты.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
28 қараша 2023 ж. 433 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 139

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 132

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 120

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 118

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031