Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру – заман талабы
Аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ринад Тілептің төрағалығымен жылдың басында бекітілген жоспарға сәйкес құқықтық оқыту өткізілді.
Құқықтық оқытуға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары мен кент, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Аталмыш шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктіліктерін пайдалана білу және игеру мүмкіншіліктерін камтамасыз ету, сондай-ақ құқықтық мәдениетін, сауаттылығын арттыруға, бағытталған практикалық көмек көрсету.
Басқосуда алдымен Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен туралы» Заңының қолданылуы және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі Алтынбек Төреханов түсіндіріп өтті.
Мұнан соң Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы мен үкіметтік емес ұйымдармен атқарып жатқан жұмыстар туралы Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлы баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселелерге қосымша аудан әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы Ербол Тоқбаев баяндама жасап, мемлекеттік орган қызметкерлерін ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бұзылуына жол бермеуге шақырды.
Семинарға қатысушылар хабарламашыларға күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты өз сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды. Жиын соңында қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктелді.
#Қазалы
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат