Құқықтық оқу өткізілді
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәжіліс залында көшпелі жалпыға бірдей құқықтық оқу өтті.
Құқықтық оқуға аудан аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мен жұмыспен қамту ориалығының қызметкерлері қатысты.
Басқосуды Қазалы ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Ринад Тілеп ашып, күн тәртібіндегі мәселенің маңыздылығын түсіндірді.
Күн тәртібіндегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасында қолданылуы туралы» аудан әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы Ербол Тоқбаев, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының қолданылуы туралы аудан әкімі аппаратының құқықтық бөлімініі бас маманы Дидар Сәдуақасова, "Мемлекеттік қызметшілердің штат саны", "Б корпусының мемлекеттік қызметшілердің конкурсы" және "Қайта даярлау мен біліктілікті арттыру курсы туралы" аудан әкімі аппаратының персональды басқару (кадр жұмысы) бөдімінің әдіскері Гүлжазира Қадырқұлова хабарлама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Басқосуда Қазалы ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Ринад Тілеп айтылған ұсыныс-пікірлер мен сұрақтарға жауап беріп, көшпелі құқықтық оқытулар жиі-жиі өткізілетінін жеткізді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат