Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан орталығындағы тұрғын үйлердің қас беті әктелді

Аудан орталығындағы тұрғын үйлердің қас беті әктелді

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.
Тазалықты жанына серік еткен қазалылықтар игі істі қолға алды. Бүгінгі сенбілік барысында Жанқожа батыр, Желтоқсан, В.Счастнов көшелерінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің әрлеп, айналасындағы арам шөптерден тазалады.
Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері таң атқаннан бастап Желтоқсан көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйдің жанына жиналып, әктеу жұмыстарын жүргізді.
Аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер де ұйымшылдықтың айқын үлгісін көрсетіп, бір көпқабатты тұрғын үйлердің сыртын әктеді.
«Ауылына қарап азаматын таны» дегендей, тазалықпен мәдениеттілігіміз өлшенеді. Кент, қала, ауыл, көше тазалығына жауапкершілік танытып, көркейту жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізгенде азаматтығымызға сын болмасы анық. Әркім есік алдын, жүрген жерін, көше бойын таза ұстаса, денсаулыққа кері әсері болмайды. «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» екені айтпаса да түсінікті.
Сондықтан барша аудан тұрғындарын өздеріңізге тиесілі иелігіңіздегі тұрғын үйлеріңізді қолданыстағы заңдылық талаптарына сәйкес оны күтіп-ұстауға, көркемдік келбетін сақтауға қатысуға, сүйікті қаламызды көркейту және көгалдандыру, тазалық жұмыстарына белсене қатысуға шақырамыз.
#Қазалы
08 қазан 2022 ж. 366 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 147

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 151

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 165

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031