Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық – табалдырықтан басталады

Тазалық – табалдырықтан басталады

Тазалық – аудан шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі. Сондықтан қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.
Сенбілікті жанына серік еткен ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорын және білім, спорт, теміржол, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері «Birge: Taza Qazaqstan» екі айлық экологиялық акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырды.
Әйтеке би кентінің «Водокачка» елді мекені мен 5 квартал аймағындағы «Қазақ қорымы» мен «Қарамай көл» аймағын күл-қоқыстан тазартты.
Әйтеке би кентінің шет аймақтары саналатын жол бойында сусын, спирттік ішімдіктердің бөтелкелері, темекінің қораптары сияқты ондаған жылдар бойы шірімейтін қалдықтар жатыр.
– Сіз тастаған сағыз 5 жылға дейін өңін бұзбайды. Ал, пластикалық тауарлар 50-100 жыл, пластикалық құтылар және қаңылтыр банкілер 500, балық қармағының жібі 600 жылда жойылады. Бүгінгі сенбілікте ұзақ жылдар бойы шірімейтін қалдықтарды жинадық. Табиғи ортада қауіпті қоқыстар ауаны ластап, нәтижесінде қатерлі ауру тудыратыны белгілі. Сондықтан, тазалық мәдениеттің көрсеткіші десек, аудан тұрғындарын мәдениетті болуға шақырамын, – деді кент әкімі Қайрақбай Орынбасаров.
Айта кетейік, жалпыхалықтық сенбілік барысында мыңға жуық адам, 7 техника жұмылдырылып, 30 текше метр күл-қоқыс шығарылды. Мұндай тазалық шаралары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
Осы ретте аудан тұрғындарын сенбілік жұмыстарына шығып, тазалықты сақтауға үлес қосқан жандардың еңбегін бағалауға, кез келген жерге қоқыс тастамауға шақырамыз. Алдағы уақытта қоқысты белгіленбеген жерге тастаған азаматтарға тиісті заңдылықтарға сәйкес шара, яғни, айыппұлдар салынатын болады.
Серік АҚМЫРЗА
05 сәуір 2022 ж. 629 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930