Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Серпінді сенбілік: Туған жерге деген ықылас

Серпінді сенбілік: Туған жерге деген ықылас

Сенбілік – тазалық, тәртіп және жақсы көңіл-күй мерекесі. Ортақ күш-жігермен белгіленген аумақты тез арада ретке келтіруге болады. Бүгін қазалылықтар жаппай сенбілікке шықты. Аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі мекеме-кәсіпорын қызметкерлері «Жеңіс» саябағында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Шаруашылық құрал-саймандармен қаруланған олар тратуарлар мен саябақ ішіндегі арықтардың қоқыстарын жинады. Атап айтар болсақ, шөптер мен жапырақтарды, тұрмыстық қоқыстарды алып тастап, жайқала өскен талдардың түбін әктеді.

– Саябақтағы сенбілікті біздің жақсы дәстүріміз деп атауға болады. Бұрын, балалық шағымызда ата-аналарымыз сенбіліктерге мейрамға барғандай баратын күндер есімізде. Шынында да, бұл біздің туған жерімізді тазартып қана қоймай, сонымен бірге әріптестерімізбен бірге таза ауада уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік. Дене белсенділігі де денсаулыққа жақсы әсер етеді, – деп атап өтті Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров.


«Жеңіс» саябағындағы сенбіліктен бөлек, Әйтеке би кентіндегі көп қабатты тұрғын үйлерді әктеу-сырлау жұмыстары жалғасуда.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудан орталығындағы В.Счастнов көшесіндегі тұрғын үйдің сыртын ретке келтіріп жатқан жұмысшылармен кездесіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
25 қыркүйек 2021 ж. 718 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031