Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Озық ойлы оқушы

Озық ойлы оқушы

Лақалы ауылындағы №93 орта мектептің 10 сынып оқушысы Нұрасыл Әділбекова ұлы ақындардың поэзиясын оқып, жаттауды жақсы көреді. Шығармашылыққа жақын шәкірт өзі де өлең шығарады.
Аудандық, облыстық пәндік олимпиадалардың, республикалық, облыстық көркемсөз оқу байқауларының да жеңімпазы. Нұрасылдың болашағынан ұстаздары зор үміт күтеді. Зерек оқушы облыстық, аудандық жас ақындар мүшәйрасына қатысып, жүлдегер атанып жүр. Ол Сыр елі бүлдіршіндері мен жасөспірімдерінің шығармашылығына арналған ХХІ облыстық «Бозторғай» бас жүлде иегері. ХХІІІ республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңінде «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша бірінші орын алды. Облыстық «Мағжан оқулары» шығармашылық байқауының «Ақын да бір бала ғой, айға ұмтылған» номинациясы бойынша үшінші орын, республикалық «Талантты жастар» өнер және білім сайысынан бас жүлде иеленді.
М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған республикалық «Ғасырлар перзенті», «Поэзия менімен егіз бе едің?!» балалар шығармашылығы байқауында, аудандық Рүстем Жанайдың 75 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ақұдайлар» атты көркемсөз оқу шеберлерінің сынында бас жүлдені жеңіп алды.
Аудандық Ж.Мәкенәлінің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған «Арулар – асыл жандар» атты қыздар арасындағы көркемсөз оқу сайысынан бірінші, қазақ тілі мен әдебиеті пәндік олимпиадасынан үшінші, «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде «Сөз шеберлері» бөлімі бойынша жүлделі екінші орынмен жетістіктер қоржыны толықты.
«Сарыарқа саңлағы» атты аудандық байқаудың «Қысқа әңгіме шебері» номинациясы бойынша және «Алаш мұрасы – ұрпаққа аманат» атты қашықтықтан өткізілген жас ғалымдар конкурсында екінші орынға ие болды. Аудандық «Әсем үн, маржан сөз» атты жүргізушілер сайысының да бас жүлдесі Нұрасылға бұйырды. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған мектепшілік мүшәйрадан, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткен «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты аудандық ақындар мүшәйрасынан екінші, мектепшілік «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың оқуларында «Ақынға арнау» бөлімі бойынша үшінші, «Менің туған өлкемнің атауы» тақырыбындағы шығармалар байқауынан бірінші орынды жеңіп алды.
– Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін сүйіп оқимын. Үнемі кітап оқуға тырысамын. Қолым қалт еткенде ақын-жазушылардың шығармашылығымен танысып, өлең жаттау менің хоббиім. Болашақта журналист мамандығын меңгерсем деген мақсатым бар, – дейді Нұрасыл Әділбекова.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
04 қазан 2022 ж. 330 0

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 17

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031