Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Нұрқожа бағындырған белес

Нұрқожа бағындырған белес

Қазалылық жас өнерпаз Нұрқожа Тілек Астана қаласының 20 жылдығына орай өткізілген «Burabay Summer Fest» жасөспірім таланттардың халықаралық фестивалінде топ жарды. Жерлесіміз, Лақалы ауылындағы №93 мектептің оқушысы фестиваль қорытындысымен көркемсөз оқу номинациясы бойынша үздік атанды.
Халықаралық байқаудың жеңімпазы Нұрқожаның талантын ерте байқаған әжесі Мирамкүл Жомартова бес жасынан-ақ өлең-жыр оқуға баулыған. Содан бері аудандық, облыстық балалар шығармашылығына арналған байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Былтыр өткен облыстық XIX “Бозторғай” балалар шығармашылығы байқауында көркемсөз оқу жанры бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Биылғы халықаралық “Burabay Sammer Fest” фестиваліне баруына облыстық халық шығармашылығы орталығындағы талай дарынды, өнерлі балдырғандардың биікке өрлеуіне жол ашқан Бағдагүл Есмұрзаеваның еңбегі ерекше. Сол өнер жанашырының шақыртуымен облыстық іріктеуге қатысқан Нұрқожа тілеулестерінің сенімін ақтап, халықаралық фестивальге жолдама алған болатын.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған байқауда 10 жастан 16 жасқа дейінгі бишілер, әншілер, музыканттар, және өлеңді мәнерлеп оқушылар фестивальдің іріктеу кезеңінде өз өнерлерін көрсетті. Жалпы фестивальге еліміздің барлық өңірінен және Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларуссия, Малайзия, Тайланд және Түркия елдерінен келген 400-ге жуық жас талант қатысты.
Байқаудың қорытынды кезеңіндегі қатысушылардың өнерін құрамында ҚР Еңбек сіңірген әртістері Қайрат Кәкімов пен Игорь Благодарный, Тұрар Әліпбаев, әнші Бауыржан Исаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Раушан Мұсахожаева, ҚР Тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты Ануар Садықов, актер Әділ Ахметов бар арнайы комиссия бағалады.

Ж.СОВЕТҰЛЫ
10 шілде 2018 ж. 1 863 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 57

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 58

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 101

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 117

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031