Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұмау мен ЖРВИ кезінде үйде қандай дәрілер болуы керек? Министрлік түсіндірді

Тұмау мен ЖРВИ кезінде үйде қандай дәрілер болуы керек? Министрлік түсіндірді

Фото: Baribar.kz/ЖИ
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің фармация комитеті тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) маусымында тұрғындарға үйдегі дәрі қобдишасында қажет құралдардың болуын және оларды дұрыс қолдануды ұсынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Үйдегі дәрі қобдишасында не болуы керек?

Дене қызуы көтеріліп, бас немесе бұлшық ет ауырғанда белгілеріне қарай көмек көрсету үшін үйде мынадай дәрілер мен медициналық бұйымдар болғаны дұрыс:
  • дене қызуын түсіруге және ауырсынуды басуға арналған парацетамол 500 мг;
  • қызуды басып, ауырсыну мен қабынуды азайтуға арналған ибупрофен 200–400 мг;
  • мұрынды шаюға және ылғалдандыруға арналған натрий хлоридінің изотония ерітіндісі;
  • мұрын қатты бітелген жағдайда қолданылатын мұрын тамырларын тарылтатын дәрілік зат;
  • сұйық пен электролиттердің орнын толтыруға арналған регидратация құралдары;
  • дене қызуын өлшейтін термометр.
Дәрі таңдағанда қарсы көрсетілімдері мен қолдану жөніндегі нұсқаулығын ескеру қажет. Үйдегі дәрі қобдишасына препараттарды көп мөлшерде сатып алудың қажеті жоқ.

Антибиотиктерді өз бетінше қабылдауға болмайды

Тұмау мен ЖРВИ кезінде антибиотиктер көбіне әсер етпейді. Оларды дәрігер бактериялық инфекция немесе ауру асқынғанда ғана тағайындайды. Рецептпен берілетін вирусқа қарсы препараттарды да медицина қызметкерінің нұсқауынсыз қабылдауға болмайды.
Бірнеше дәріні қатар қолданғанда олардың құрамын тексеру маңызды. Кейбір суық тиюге қарсы препараттар құрамында парацетамол бар, сол себепті оларды қосымша парацетамолмен бірге ішсеңіз, дәріден улануыңыз немесе қажет дозадан асып кетуіңіз мүмкін.

Қай кезде дәрігерге қаралған жөн?

Тыныс алу қиындаса, кеуде ауырса, дене қызуы көп уақыт жоғары болып, түспесе, есіңіз ауса немесе науқастың жағдайы күрт нашарласа, медициналық көмекке жүгіну қажет.
Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу үшін жеке бас гигиенасын сақтау, бөлмені үнемі желдету, ауру белгілері бар адамдармен байланысты шектеу және тұмауға қарсы екпе жөніндегі ұсынымдарды орындау маңызды.

Дәрі бағасын қайдан тексеруге болады?

Дәріні сатып алмас бұрын оның құны туралы ақпаратты «Нақты өнім» және «Дәрі KZ» ақпарат ресурстарынан тексеруге болады.
Дәрі бағасын басқа дәріханалардан да қарап, салыстырыңыз.
09 қазан 2026 ж. 114 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031