Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Өнері өрістеген ауыл

Өнері өрістеген ауыл

Қазалыда талантымен талайды тамсандырған өнерпаздар шоғыраланған ауыл бар. Бұл өнер өлкесінде әнші де, жыршы да, термеші де, сазгер де туылған. Мәдениеттің майталмандары дүниеге келген. Таңдайына бозторғай ұя салған жезтаңдай әншілердің ауылы – Лақалы деп аталады.

Бұл ауылдан шыққан өнер иелері бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде мәдениет саласында қызмет атқарып жүр. Дәстүрлі әнші, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері – Шынберген Тілеулесов, әнші – Кенже-Әлі Асқар, әуесқой сазгер – Кенжебай Мақсатбаев, жыршы-термеші – Әзілхан Мақсатбаев, термеші – Серікбол Сансызбаевтар ауыл емес тұтас елдің мақтанышына айналды. Өнер көшін бастаушы аға буынның ізін жалғаған әнші, музыка өңдеуші – Алмас Тілеулесов, дирижёр Ержан Сансызбаев, термеші, сазгер Жарасқан Төлебай, классикалық бағыттағы әншілер Кәмила Тәуекелова, Гүлназ Нағашыбай мен Мадияр Жеткербайдың өнеріне тыңдармандар сүйсініп, таланттарына тәнті болуда.
Өнер керуеніне қосылған Мейіржан Нағашыбай, Ақылбай Нағашыбай, Аида Нағашыбай, Назгүл Бақыт, Нұрхожа Тілек сынды жас өнерпаздар түрлі байқаулардың жеңімпазы атанып, ауыл абыройын одан әрі асқақтатып жүр. Жас әншілерді өнерге баулитын ауылдық клуб меңгерушісі әрі ән үйірмесінің жетекшісі Мейірімхан Мақсатбаев.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін балалар шығармашылығын дамытуға арналған «Бозторғай» байқауының аудандық, облыстық кезеңінен сүрінбей өтіп, халықаралық сайыс­та өнер көрсетіп, көптің ықыласына бөленген лақалылық бүлдіршіндер елдің ертеңі, үлкен­дердің үкілеген үміті.
Биылғы жылы да лақалылықтар жеңіс қор­жынын толағай табыстармен толтыруда. Облыстық XXI «Бозторғай» балалар шығармашылығына арналған байқауға көркемсөз жанры бойынша №93 мектептің 7 сынып оқушысы Нұрасыл Әділбек қатысып, бас жүлде иеленсе, вокал жанрынан 6 сынып оқушысы Күнімай Нағашыбай диплом алды. Қызылорда қаласында «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен өнер фестивалінде Әмина Бақыт, Күнімай Нағашыбай, Әйгерім Жаңабай өнер көрсетіп, жүлделі орындармен оралды. Республикалық «Жас дарын» байқауында да лақалылық өрендердің мерейі үстем болды.
– Ауылдық клуб жанында бес үйірме жұмыс жүргізеді. Балалардың үйірмеге қатысу құштарлығы басым. Үйірме жұмыстары дарынды, қабілетті оқушыларды анықтауға көп септігін тигізеді. Оның мүшелері үнемі аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға қатысады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген. Ел ішіндегі дарынды, талантты балаларды үйірмеге тартып, бойындағы жасырынып жатқан өнерін жандандыру біздің басты мақсатымыз, – дейді драма үйірмесінің жеткешісі Айнұр Әлімбаева.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
21 мамыр 2019 ж. 2 338 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930