Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баспанада байыпты бастама бар

Баспанада байыпты бастама бар

Соңғы жылдары ауданда жаңа тұрғын үйлер құрылысы қарқын алып, мерейлі сәттерде талай азаматтың қуанышы еселенді. Жыл сайын аудан көлеміндегі ауқымды құрылыс жұмыстары мен кезекте тұрғандарға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімдері әлеуметтік қолдаудың нақты көрініске айналғанын дәлелдейді.
Өткен жылы ауданда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2 пәтерлі 40 тұрғын үй сатып алынып, 80 отбасыға жаңа баспана табысталды. Биыл аталған мақсатқа республикалық бюджеттен 3 миллиард 94,5 миллион теңге бөлініп, 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде 50 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Жақында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентіндегі әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлердің құрылыс барысын аралап, нысандардың қазіргі жағдайын көрген еді.
Қазіргі таңда тұрғын үйлердің шатыр жабу жұмыстары аяқталып, ішкі сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде.Аудан басшысы құрылыс сапасына ерекше мән беріп, мердігерлерге жұмыстарды созбалаңға салмай, сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Жауапты сала басшыларына тұрғын үйлерді қабылдау кезінде барлық құрылыс талаптарының сақталуын, тұрғындарға дайын бас­паналарды сапалы күйде ұсынуды міндеттеді.
Айта кеткен жөн болар, былтыр елде 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Биылғы жылдың 8 айында бұл көрсеткіш 11,3 миллион шаршы метрді құраған. Тұрғын үй саласын коммерциялық қаржыландыру үлесін арттыру және мемлекеттік атаулы қолдау тетіктерін жетілдіру әлеуеті артуда. Қолданыстағы құралдардың тиімділігін арттыруға, ипотекалық тетіктерді дамытуға және нысаналы субсидиялауға бағытталған шаралар кешені тұрақты түрде жүзеге асуда.
Айнұр ӘЛИ

10 қазан 2026 ж. 31 0

Бақытқа бөлеген мекен

10 қазан 2026 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031