Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Кедергісіз орта – тең мүмкіндіктер» аясында мүгедектігі бар азаматтардың өтініштері тыңдалды

«Кедергісіз орта – тең мүмкіндіктер» аясында мүгедектігі бар азаматтардың өтініштері тыңдалды

Бүгін «Әділет» партиясы Қазалы аудандық филиалында «Кедергісіз орта – тең мүмкіндіктер» тақырыбы аясында партияның Қазалы аудандық филиалының төрағасы Нұрғиса Жалғасбаев мүгедектігі бар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтар күнделікті өмірде кездесетін өзекті мәселелерін ортаға салып, өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, қоғамдық орындар мен әлеуметтік нысандарда қолжетімді ортаны қалыптастыру, ғимараттарға пандустар орнату, жаяу жүргіншілер жолдары мен тротуарлардың қолайлылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік қолдау шараларына қатысты мәселелер көтерілді.
Нұрғиса Жалғасбаев азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдап, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қоғамда тең мүмкіндіктер қалыптастыру және кедергісіз орта құру бағытында тиісті түсіндірмелер берді. Сонымен қатар көтерілген мәселелердің шешу жолдарын қарастырып, тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
«Кедергісіз орта – тең мүмкіндіктер» қағидаты – әрбір азаматтың қоғам өміріне еркін араласуына, сапалы қызмет алуына және өз құқықтарын толыққанды пайдалануына жағдай жасау. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет
09 қазан 2026 ж. 66 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031