Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда электронды көтерме сауданы дамыту үшін арнайы академия ашылады

Қазақстанда электронды көтерме сауданы дамыту үшін арнайы академия ашылады

Сауда және интеграция министрлігі Электронды көтерме сауда академиясын ашпақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жайында вице-министр Әсел Жанасова электронды сауданы дамытуға арналған «E-commerc Forum» форумында айтты.
«Біз электронды сауданың ортақ инфрақұрылымын, дұрыс саясат қалыптастыруға тырысамыз. Яғни, азаматтар да, бизнес те бір-бірімен кедергісіз онлайн сауда жасап, электронды төлем жасай алуы үшін, жеткізіп беруі үшін дұрыс жағдай жасалуы керек. Б ірнеше жобаны іске қостық. Министр (Серік Жұманғарин – ред) Covid-ке байланысты «В2С» форматындағы электронды ритейл сауда дамығанын айтты. Бірақ өкінішке қарай, «В2В», яғни көтерме электронды сауда дамымай жатыр. Ол «В2С» форматтың қарқынына ілесе алмай келеді. Бізде Kaspi, Flip, Wildberries, Ozon сияқты ірі платформалар бар. Енді электронды көтерме сауданы да осындай қарқынмен дамытатын ойыншылар керек», - деді министрдің орынбасары.
Айтуынша, ведомствоның бұл бағыттағы негізгі мақсаты – тауардың өндірушіден сөреге дейін жүретін жолын баршаға барынша ашық, ыңғайлы ету.
«Яғни, кәсіпкер өндірген тауарын өзі ұсынып, ашық түрде сата алуы керек. Біріншіден, көтерме сауда академиясынан бастап отырмыз. Мұнда кем дегенде 1 млн теңге инвестиция салуға мүмкіндігі жоқ, сайт ашып, деректерін сақтайтын орны жоқ кәсіпкерлерге көмек көрсетіледі. Мемлекет шағын және орта бизнеске осы мүмкіндіктерді тегін ұсынса қалай болар еді? Мұнда базалық машық үйретіледі. Қандай қат мамандық болса да, өз өніміңді не тауарыңды сата білу маңызды. Мұндай машықты ересектер ғана емес, жеткіншектер де мектеп қабырғасынан меңгеруі керек. Жалпы әркімге қажет машық бұл»,-дейді вице-министр Әсел Жанасова.
08 қыркүйек 2022 ж. 368 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 117

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930