Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2022 жылдан бастап шетелдік интернет компанияларға ҚҚС бойынша міндеттеме енгізіледі

2022 жылдан бастап шетелдік интернет компанияларға ҚҚС бойынша міндеттеме енгізіледі

Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.
Қосымша құн салығы бойынша міндеттеме еліміздің азаматтарына электронды түрде тауарлар сататын және қызметтер көрсететін шетелдік интернет компанияларға енгізілгелі отыр. Вице-министр түсіндіргендей, шетелдік интернет компанияларды міндетті түрде хабарламалық тіркеудің басқа тәртібі қарастырылған. Салық есептілігін ұсыну бойынша міндеттеме алынып тасталған. Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктердің шетелдік интернет компанияларға транзакциялар бойынша мәліметтерді ұсыну мәселесі де қарастырылып жатыр. «Трансшекаралық электрондық коммерция субъектілеріне, оның ішінде ЕАЭО шеңберінде қосарланған салық салу тәуекелдері бар. Міне, сондықтан біз тауарлармен өзара электронды сауда шеңберінде жанама салықтар алу тәртібін үйлестіру және олардың төленуін бақылау тетігін оңайлатқымыз келеді. Сол үшін ЕАЭО-да тауарлармен ішкі электронды сауда кезінде ҚҚС алу бөлігінде ЕАЭО шартына өзгерістер енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз» - деді Әсел Жанасова.


13 тамыз 2021 ж. 774 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031