Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көтерме сауда көлемі артты

Көтерме сауда көлемі артты

Көтерме сауда көлемінің төрттен үш бөлігін құндық мәнде шағын бизнес қамтамасыз етіп отыр. 2021 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстандағы көтерме сауда көлемі 9,1 трлн теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 8,3%-ға артық. Көтерме сауда көлемінің 40%-дан астамы тек Алматы қаржы орталығына тиесілі: 3,7 трлн теңге. Көтерме сауданың айтарлықтай көлемі Нұр-Сұлтан (1,4 трлн теңге) және Атырау облысының (1,2 трлн теңге) үлесінде. Жалпы қалған өңірлерге 2,8 трлн теңге тиесілі. Көтерме сауданың айтарлықтай көлемі азық-түлік емес тауарларының үлесінде: 7,6 трлн теңге, нақты мәнде өсім – 15,2%. Ал азық-түлік тауарларына 1,5 трлн теңге тиесілі: бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,4%-ға аз. 2021 жылғы 5 айда көтерме сауда көлемінің төрттен үш бөлігі шағын кәсіпорындарға тиесілі болды: 6,9 трлн теңге. Орта кәсіпорындар үлесінде: 1,8 трлн теңге, ірі кәсіпорындар – 373,4 млрд теңге.

22 маусым 2021 ж. 1 441 0

Еңбегімен елге сыйлы

20 мамыр 2025 ж. 43

Ыбырай атаға арнау

20 мамыр 2025 ж. 46

ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

20 мамыр 2025 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031