Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Amanat» партиясының актив отырысы өтті

Қызылордада «Amanat» партиясының актив отырысы өтті

Қызылорда облысының әкімі, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен партиялық актив отырысы өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аумақтық партия филиалдарының төрағалары, Саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, облыстық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары, партия филиалы жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағалары мен «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері қатысты.
Күн тәртібінде «Amanat» партиясының кезектен тыс XXII Съезінің шешімдерін орындаудағы Қызылорда облыстық филиалының міндеттері қаралды.
Жиында облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова партияны жаңғыртудың бағдарламасын іске асырудағы алдағы міндеттер мен Жол картасының орындалу барысын баяндаса, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов өзгерістер кезеңінде партияны жұмысын жаңаша бағытта дамыту мәселелерін қозғады. Сондай-ақ, филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов партиялық қызметтегі жауапкершілік және партиялық бақылау жұмыстарын тізбелеп берді. Ал, облыстық мәслихат депутаты Еркебұлан Аяғанов жас депутаттар корпусының алдында тұрған жауапкершілік пен жаңа идеяларды іске асыру жолдары бойынша ой білдірді.
Актив отырысының соңында филиал төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова барша партияластарды жүйелі жұмыстар жүргізу арқылы мемлекет мүддесіне қызмет ету, халық тұрмысын жақсартуға күш салуға, осы мақсат жолында Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын толықтай жүзеге асыруда қолдау көрсетуге шақырды.
«Қазіргі кезеңде бірлікпен бірге алға қарай қадам басып, жаңғыру кезеңінде әрбір азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарап, елддік мүдде жолына топтасуы керек. Дамуға жетелейтін өзгерістерді орындауда жас көшбасшыларды ұйым қатарына қосу, жас депутаттар корпусын жандандыру ерекше маңызды. Сондықтан баршамыз елді дамыту ісінде күш біріктіруіміз қажет», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
04 наурыз 2022 ж. 731 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930