Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа фракцияның алғашқы отырысы өтті

Жаңа фракцияның алғашқы отырысы өтті

Қызылорда облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы жаңа құрамының алғашқы отырысы өтті.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен фракция жиынында Қызылорда облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, Қызылорда облыстық мәслихатының сессия төрағасы, мәслихат хатшысы, тұрақты комиссиялар төрағалары кандидатуралары ұсынылып, нақты шешімдер қабылданды. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы алдындағы негізгі міндеттер талқыланды.Жиынды ашқан филиал төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа құрамды депутаттық мандаттарымен құттықтап, халықтың сенім артқан партиясының атынан облыстық мәслихатта халықтың мүдделері үшін абыроймен қызмет атқаруға сенім білдірді.
Фракция мүшелерінің қолдауымен VІІ шақырылымдағы Қызылорда облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі болып, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова сайланды.
Айта кету керек, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының құрамы 59,3%-ға жаңарды. Олардың орташа жасы -50, яғни 7 жылға жасарды. Депутаттардың 19-ы – праймериз жеңімпаздары, 8-і Саяси кеңес Бюросының квотасы бойынша бекітілген.
15 қаңтар 2021 ж. 2 841 0

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 54

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031