Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия филиалының төрағасы тағайындалды

Партия филиалының төрағасы тағайындалды

Бүгін Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының кезектен тыс XXІV конференциясы өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясының аудандық саяси кеңесінің мүшелері, ауылдық округ әкімдері, мекеме, ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кезектен тыс ХХІV конференцияның күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан - 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасының Қазалы ауданында орындалуы туралы «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Қасқырбек Мәмбетжан баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе – аудандық филиалға жаңа төраға тағайындау. Бұл лауазымға аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы ұсынылды. Оның кандидатурасын жиналған қауым бірауыздан қолдады.
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Дүйсенбайұлы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауы аясында келелі ойларын айтып, кемел түйіндерін ортаға салды.
Сондай-ақ конференция барысында «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, Мұрат Ергешбаев, Әлімжан Жарылқағанов, Бектұр Қали, Күншығар Әбіл саяси кеңес құрамына сайланды.
Жиын соңында конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселері бойынша тиісті қаулы қабылданды.
Ж.АЙЫМҚҰЛОВ.
29 қаңтар 2018 ж. 2 177 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 182

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930