«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезекті XХХII конференциясы өтті

«Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы Мұрат Нәлхожаұлының төрағалығымен өткен конференция жұмысына келесі мәселелер қойылды:
1. «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалының Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі;
2. «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы Саяси кеңесі мүшелерінің құрамын қайта сайлау;
3. «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезекті XXVIII (28-ші) есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау.
«Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жалғасбаев Нұрғиса Жаппарбергенұлы күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2019 - 2020 жылдары атқарылған жұмыстарына толығымен тоқталып, партия филиалының алдағы міндеттерімен бөлісті.
Конференцияның күн тәртібіндегі екінші, үшінші мәселелер бойынша Саяси кеңес мүшелерінің құрамы қайта сайланып, Қызылорда облыстық филиалының кезекті XXVIII (28-ші) есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.
"Қазалы" ақпарат